jasqazaq.kz

Атамбаев билікті бейбіт жолмен беруге кепілдік берді

25 шiлде 2017, 11:16

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев билікті бейбіт жолмен беруге кепілдік берді. Бұл туралы ол дүйсенбі күні Шолпан Ата қаласында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Президент сайлауының нәтижесі қандай болса да, оны мойындау керек. Бастысы — біз дауыстарды әділ түрде есептеуге кепілдік береміз. Адамдар өз дауыстарын сатып жатса, басқа әңгіме. Бұл өте қиын. Кейбір азаматтарымыз өз жауапкершіліктерін толық түсінбейді», — деді Атамбаев. Мемлекет басшысы билікті бейбіт жолмен беруге кепілдік беретіндігін мәлімдеді. «Ал жағдайды ушықтырғысы келетіндермен басқаша сөйлесетін боламыз», — деп атап өтті президент. Айта кетейік, Атамбаевтың Қырғызстан президенті ретіндегі өкілеттілігі 2017 жылғы 1 желтоқсанда аяқталады. Қырғызстан Республикасының жаңа президентінің сайлауы 15 қазан күні өтеді.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда