jasqazaq.kz

Қатал ата-анасынан қорыққан жастар 90-ға келіп үйленді

19 шiлде 2017, 15:49

Солтүстік Каролинада 88 жастағы Эд Селлерс пен 89 жастағы Кэти Смит 70 жыл таныстықтан кейін барып отбасын құрды.

Кэти Смит пен Эд Селлерс 1940 жылдары танысып, бірін-бірі сүйіп қалған, алайда олардың әке-шешесі отбасын құруға тыйым салған. Олардың жасы шамамен 14-15-те болғанда танысқан. Алайда ата-аналары діни көзқарас тұрғысынан оларға тек көрісу мүмкіндігін ғана берген. «Қыз жігітпен сүйісу үшің екі жылдай уақыт күтуін сұраған. Олардың қарым-қатынасы қонақ бөлмесінде үшінші бір адамның бақылауымен диванда отырумен шектелген», — деді әйелдің немересі Стефани Хелсель. Жұп айырылысып кеткен. Ол қалыңдық тапқан, ал қыз тұрмысқа шыққан, алайда олардың өмір серіктері дүниеден озғанына біраз жыл болған. Смиттің күйеуі 17 жыл бұрын обыр аурунан қайтыс болған, ал Селлерстің жары төрт жыл бұрын Альцгеймер ауруынан қайтыс болған. Бір жарым жыл бұрын Эд Кэтиді тауып, қоңырау шалған. Ол тұтқаны бірден алмаған. Көтерген уақытта олар біраз сөйлескен. Олар бір-бірінен 45 минуттық жерде өмір сүрген. Жарты жыл ішінде екеуі екі рет кездесіп, артынша үйленуді ұйғарған.

tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда