jasqazaq.kz

АТА ЗАҢЫМ – АЙБЫНЫМ!

30 тамыз 2024, 1:18

Бүгін 30 тамыз — Конституция күні. Еліміздің басты құжаты — Тәуелсіз мемлекетіміздің Ата Заңы қабылданған күн. Мемлекеттің тұтастығы, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, азаматтар құқығының сақталуы, демократиялық құндылықтардың барлығы осы құжаттың аясына топтасқан. 1995 жылы 30 тамызда елімізде бүкілхалықтық референдум өтіп, Қазақстанның жаңа Ата Заңы қабылданған болатын. Бұл Конституцияның 1993 жылғы құжаттан айырмашылығы оның мазмұны мен сапасында еді.

Ал 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ауқымды Конституциялық реформа жүргізілді. Сол реформаның нәтижесінде Конституциядағы 98 баптың 33-не түзету енгізілді. Негізгі құжаттың халықтық сипат алғаны мына өзгерістен байқалады: 6-бапта «Жер және жер қойнауы — халықтың меншігі, байлығы» деп анық жазылды.

Еліміздің Негізгі құжатына енгізілген түбегейлі өзгерістер сол жылы 5 маусымда өткен референдумда халықтың тарапынан қолдау тапты. Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығын қорғау жан-жақты көрініс тапты. Реформа мемлекетті басқарудың бұған дейінгі  үлгісін өзгертуді көздеді. Ел еңсесін тіктеген жылдары суперпрезиденттік жүйе, әрине, өз жемісін берді. Дамудың дәл осы моделі қажет те еді. Бірақ қазір заман өзгергенін көз көрді. Дамыған елдер секілді парламентке сүйенген президенттік республикаға көшетін кез келді. Мұндай модель биліктің үш тармағының оңтайлы тепе-теңдігін қамтамасыз етіп, орнықты дамуға серпін берері сөзсіз. Президенттің ешқандай партияда болмауы тиіс деген тезис те көпшіліктің көкейінен шықты. Сарапшылар мұны әділетті шешім деп бағалады. Бірінші кезекте Президент билік партиясының төрағасы ретінде өкілеттігінен бас тартты. Конституциялық түзетулер нәтижесінде Мемлекет басшысы кез келген партияға мүшелігін уақытша тоқтата тұруға міндеттелмек. Бұл саяси монополияны жойып, бәсекені арттырады. Бұрынғыдай президент басқаратын партияның мысы баспайды деген сөз.

Саясаттанушы Мақсат Жақау еліміздегі Президент институтын реформалау бағытында жасалған аса маңызды қадам екенін атап өтті. Оның айтуынша, Мемлекет басшымы ең алдымен өзінен саяси монополияны ысырып тастады. Енді «биліктің партиясы» деген ұғым жоқ. Бұл реформа тепе-теңдік болсын, барлығына саяси бәсекелестік болсын, саяси мәдениеттілік дамысын деген идеямен қолға алынды. Сондай-ақ президенттің туған-туысқандары саяси басқару жүйесінде, квазимемлекеттік секторда орын алмауы тиіс деген тұжырым Ата заңмен  белгіленді. Ол «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген нақыл бар. Міне осы дана халықтың ұрпағы ретінде біз қазір әділдікке, тепе теңдікке, жариялыққа аяқ басқанын көріп отырмыз», — дейді.

Тағы бір өзгеріс — облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері енді мәслихат келісімін бергеннен кейін  тағайындалады. Президент кемінде екі үміткерді ұсынады.

Парламент Мәжілісіне партиялармен  қатар, тәуелсіз кандидаттардың сайлануына мүмкіндік беретін жүйе енгізілді.

Конституциялық реформаның нәтижесінде елімізде күшті Президент —  ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет жүйесі қалыптасты.

Сот органдарының — Жоғарғы сот, Конституциялық сот және Жоғары Арбитраждық соттардың өкілеттіктері кеңейтілді. Осы арада Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында құрылып, артынан таратылған Конститутциялық сот қайтадан жаңғырғанын айтқан абзал. Әлемдік тәжірибеге арқа сүйеген Президент кез келген қазақстандықтың құқық мәселесінде туындаған сауалдарына үн қатуға қабілетті Конституциялық сот құруды ұсынды. Әсіресе, Қаңтар оқиғасынан кейін бұл органның қажет екені анық сезілген еді. Осы тетік арқылы ел тұрғындарының конституциялық құқығы толық қорғалады деген сенім мол.

Ата Заңның басты ерекшеліктерінің бірі — барлық сала бойынша азаматтар құқығына басымдық берілді. Мәжіліс депутаты, белгілі заңгер Марат Бәшімовтың айтуынша, партиялар мен қоғамдық ұйымдар ғана емес, енді әр азаматтың сайлауға және сайлануға құқығы бар. Халық қазір ауылдарда, аудандарда әкімді өзі сайлайды. Бұл да демократиялық үрдістің айқын көрінісі.

Бүгінде Қазақстан азаматының барлық құқықтары «Ата Заңым – Айбыным» деп мақтан тұтатын еліміздің Негізгі құжатымен толық қорғалған.

Конституция күні құтты болсын, ағайын!

Jas Qazaq газеті

Сурет: sputnik.kz

 

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды