jasqazaq.kz

Ата-аналардан ақша жинауға енді заңмен тыйым салына ма?

03 маусым 2017, 22:35

Ата-аналардан ақша жинауға енді заңмен тыйым салу керек дейді депутаттар. Тіпті іске премьер-министрдің араласуын сұрады.

Владимир Редкокашин, Сенат депутаты:

-Біздің сауалымыз Сағынтаевқа жолданады. Ол мектепте ақша жинау мен бітіру кешін өткізуге қатысты. Яғни, бұған тыйым салу үшін құзырлы орындарға тапсырма беріп, заңсыздықты болдырмауыңызды сұраймыз.

Жоғарғы палата депутаттарының айтуынша, білім ордаларында ақша жинауға Ресей, Өзбекстан мен Беларусьта тыйым салыныпты. Ал, біздің елдегі білім ордаларында ақша жинау дерегі азаймай тұр. Мұғалімдер ата-аналардан қит етсе теңге сұрап, түрлі сылтау айтады. Яғни, мектепті жөндеп, түрлі іс-шара өткізуге қала берді сыныптың қорына дейін жинайды. Оның үстіне алда мектеп бітіру кеші келе жатыр. Оны ұмытылмастай етіп өткізуді қалаған түлектердің әке-шешесі ақша жинауда алдына жан салмайтыны белгілі.

Дереккөз: КТК

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда