jasqazaq.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев: Талапкерлер педагогикалық мамандықты оңай түсуге болады деп таңдайды

22 қыркүйек 2017, 11:28

Талапкерлер педагогикалық жоғары оқу орындарын оңай түсуге болатын оқу орны деген түсінікпен таңдайды. Бұл жөнінде бүгін ҚР Парламенті Сенатында өтіп жатқан «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық  реттеу перспективалары» деген тақырыптағы парламенттік тыңдау барысында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды jasqazaq.kz тілшісі.

Сенат Төрағасы өз сөзінде орта білім саласын жиі реформалау білім сапасына кері әсер ететіндігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар педагог мамандардың біліктілігіне  мән беру керектігін баяндады.   «Материалдық және моральдық ынталандыруды дұрыс жолға қоймасақ біз мұғалім кәсібінің мәртебесін жоғарылата алмаймыз. Қазірше талапкерлер көп жағдайда педагогикалық жоғары оқу орындарын оңай түсуге болатын оқу орны деген қағидат бойынша таңдайтыны жасырын емес. Өйткені педагогикалық мамандық бойынша оқуға түсуге қажетті балл саны басқа мамандықтармен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Мұндай жағдай келешекте оқытушылар құрамының сапасына тікелей кері әсер ететіндігі анық. Ал бұл толығымен керісінше болуы тиіс. Қазақ халқының аса көрнекті ұстазы Ыбырай Алтынсарин: «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушылар оларды кінәлауға тиісті емес. Оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс», – деген. Сондықтан да ұстаздардың біліктілігіне, білім деңгейіне ерекше назар аудару қажет», – деді Қ. Тоқаев. Сонымен қатар Сенат Төрағасы шетелге кетіп жатқан талапкерлер санының артуына алаңдаушылық білдірді.

Бейбіт Тоқтарбай,

Астана

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда