jasqazaq.kz

Асылбек Боранбаев: Әйелімнің ұлты қазақ емес

08 мамыр 2023, 15:14


Халыққа «Тамаша» ойын-сауық орталығы арқылып танылып, кейін театр және кинодағы рөлдерімен белгілі болған Асылбек Боранбаев отандық бағдарламада қонақ болды. Ол өзінің отбасылық өміріне қатысты құпияларды айтты.
«Бір көрген кезде, шынын айту керек, жүрегімде жылы сезім пайда болды. Жұбайыммен ең алғашқы танысқанымыз, бір-бірімізге деген түсінушілігіміз, сүйіспеншілігіміз әлі жүрегімде. Шынын айту керек, жұбайымды әлі күнге дейін 18 жастағы қыз сияқты алақанда аялап, қадірлеп, құрметтеймін. Жұбайдан жолы болған жігіттердің бірімін. Өйткені менің мінезіме, менің жұмысыма және әртістік өміріме шыдайтын бір адам болса, осы жұбайым шығар. Ұлты қазақ емес, ұлты — ұйғыр. Шешесі — қазақ. Отбасымен барлығы қазақша сөйлейді. Әйелім қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген», — дейді Асылбек Боранбаев. Сондай-ақ актер балаларына оғаш мінезін көрсетпейтінін айтты. «Құдай сақтасын, балаларыма бір оғаш мінезімді, қисық жүрісімді көрсетпеуге тырысамын. Қыздарыммен сырласамын, керек болса, олар анасына айтпаған сырларын менімен бөліседі. Еркелетемін, арасында ұрсып та аламын. Шапалақпен сарт еткізуім де мүмкін. Ондай-ондай болады», — дейді актер. Асылбек Боранбаев аралас некеге де қарсы еместігін жеткізді. «Қандай ұлт өкілі болса да, мұсылманның қызын алып, мұсылманның жігітіне шығып жатса… Айтарлықтай қарсылығым жоқ. Дей тұрғанмен, өзіміздің қазақтан алса…», — дейді Асылбек Боранбаев.

JQ-Aqparat

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда