jasqazaq.kz

Астаналықтарға ән мен жырдан шашу шашты

22 маусым 2017, 11:27

Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің қатысуымен Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған Ақмола облысының мәдениет күндері аясында Елорда тұрғындары мен қонақтарына есімдері елге танымал, Көкше жерінің айтулы өнер шеберлері мен кәсіби ұжымдардың және ең үздік көркемөнерпаздар үйірмелерінің қатысуымен «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» атты гала-концерті өтті.

Шара басталмас бұрын облыс әкімі бастаған делегация көрмені аралап көрді. Делегация құрамында облыс әкімінің арнайы шақыртуымен келген 100-ге жуық ақмолалық ардагерлер болды. Қараса көз тоймайтын көрмеде еліміздің ұлттық павильоны таңдай қақтырды. Ол екі аумаққа бөлінген. Алғашқысы Қазақстанмен танысу. Ал, екіншісінде «Жасампаз қуат» тақырыбы қамтылған. Сегіз қабатты сфера пішіндес ғимараттың жеті қабатында ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кенетикалық энергия үлгілері көрсетілсе, сегізінші қабатында «Астана – болашақтың қаласы 2050» экспозициясы ұсынылған.
Сонымен қатар, Ресей, Вьетнам, Түркия, Сингапур, Оңтүстік Корея елдерінің павильондары да ақмолалықтарды қатты қызықтырды. Әсіресе, ресейліктердің павильонынан «арктиканың суық лебі» сезіліп тұрды. Дәстүрлі қызыл таспаға арнайы ерітінді құйғанда, ол көзді ашып-жұмғанша мұз болып қатып қалады.
– Бүгін ЭКСПО көрмесіне келудің сәті түсті. Көрме керемет. Қазақстанның павильонында болдық. Өзбекстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Жапония павильондарында бізді жақсы қарсы алды. Астанада мынадай тамаша, дүниежүзілік шара өтіп жатқанына қуаныштымын, – деп өзінің ойымен бөлісті зейнеткер Айдос Әбутәліпов.
Бұдан кейін көрме қонақтары үшін амфитеатрда Ақмола облысының мәдениет күндері аясында ұйымдастырылған облысымыздағы шығармашылық ұжымдардың гала-концерті ел назарына ұсынылды. Шараға облыс əкімі Мəлік Мырзалин, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов жəне Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты.
Гала-концертте халық аспаптары оркестрі И.Штраустың «Радецкий маршы», саксофонистер квартеті А.Пьяццолланың «Либертанто» композициясын орындаса, бірлескен шығармашылық ұжымдар «Халықтар достығы» хореографиялық биін биледі. Сонымен қатар, отандық композиторлар Ахмет Жұбанов, Еркеғали Рахмадиев, Евгений Брусиловский, Кенжебек Күмісбековтың Сарыарқа, Көкшетау жерлері туралы жазылған әсем әндерін орындады. Әсіресе, атақты ақын-жыраулардың әндерін құлақтың құрышын қандырып орындаған К.Күмісбеков атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің, облыстық филармонияның, Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің хоры және Азат Абдығалым, Сәрсенбай Хасенов, Төлеген Аманов, Асқар Мұқият, Эльмира Төлеубаева және Айзат Қарабекованың шеберлігін айта кеткен жөн.
Оркестрді ұршықша үйірген дирижерлер Руслан Баймурзин мен Әділ Азбаевтың өнеріне көрермендер разы болды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова, халықаралық байқаулардың лауреаты Талғат Галеев, «Мәдениет саласының үздігі» Валерия Болиева мен Махаббат Мұхамеджанова астаналық көрермендердің зор ықыласына бөленді. Концерттің көркі Астана қаласында өткен «Қазақстан раушаны» байқауының жеңімпазы «Гәкку» би ансамблі болды.
Жалпы, Ақмола облысының мәдениет күндері аясында Көкше жерінен келген 1500-ден астам əртістер астаналықтарға өз өнерлерін ұсынатын болады.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда