10 тамызда түнгі сағат бір шамасында полицейлер Қабанбай батыр даңғылында кәмелеттік жасқа толмаған қызды тауып алды, деп хабарлайды Baq.kz.
«Ювеналды полиция инспекторы қызды кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына алып барды»,- деп хабарлайды Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.
Қыз бала шамамен 3-4 жаста, есімі Милана, бойы 115-120 см., шашы қысқа, сары, көзінің түсі қоңыр. Үстіне қызыл түсті күрте, ақ түсті желетке мен футболка, қызыл түсті шалбар мен макасин киген.
Қазіргі кезде қыздың ата-анасы мен туыстары кім екендігі анықталып жатыр.
Құқық қорғау қызметкерлері қызды таныған немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдардан мына телефондар арқылы хабарласуын сұрайды: 8 (7172) 71 60 22, ұялы тел. 8 778 917 05 78.