Астана орталығында Audi көлігі жүріп келе жатқан сәтінде өртенді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Куәгерлердің айтуынша, көлік Қабанбай батыр көшесінде өртенген. Айтуларынща, көлік жүріп келе жатқан сәтте отқа оранған. Жүргізуші көліктен атып шығып, оған гүл суарумен айналысатын қалалық қызметтің жұмысшысы көмекке келген. Көлікте жүргізуші ғана болған, абырой болғанда, ол зардап шекпеді.