jasqazaq.kz

Астанада өзбек азаматы қазақ қызын пышақтап кетті

24 тамыз 2017, 17:40

Қазақстанға осыдан үш жыл бұрын келген өзбекстандық азаматқа қазақстандық тұрғынды пышақтады деген күдікпен іздеу жарияланды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Әлеуметтік желілерде Астана қалалық ІІД-нің іздеу хабарламасы тарап кетті. Онда тамыздың 17-сі күні түнгі сағат 03.30 шамасында мойын мен арқа тұсынан пышақ жарақатын алған жәбірленуші 2-3 деңгейдегі геморрагиялық шок диагнозымен №2 қалалық ауруханаға түскені жазылған. Жәбірленуші әйел Шымкент қаласының тұрғыны, 1986 жылы дүниеге келген. Қанды оқиғаға күдікті ретінде 1978 жылы дүниеге келген Өзбекстан азаматы Улугбек Нажмиденовке іздеу жарияланды. Белгілі болғандай, күдікті 2004 жылдың 21 наурызында шекара асып, Қазақстанға келген.

Бұл ақпаратты Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер растап отыр.

«Мұндай оқиғаның орын алғаны рас. Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлімі бойынша іс қозғалды. Полицейлер қазіргі таңда күдікті азаматты іздестіру үстінде. Жәбірленушінің жағдайы жақсы»,-деді баспасөз қызметіндегілер.

Астана қалалық ІІД өзбекстандық азаматтың жүрген жері мен орны жайлы қандай да бір ақпарат білетін тұрғындардан 8 (7172) 71-61-47, 71-60-17, 71-63-96, 8 747 995 07 58 байланыс телефоны арқылы хабар беруді сұрайды.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда