jasqazaq.kz

Астанада қытайлық картопты отандық өнім деп алдап сатқан кімдер?

21 маусым 2017, 11:27

Астанадағы Magnum супермаркеті өз сөресіндегі қытайлық картопты қазақстандық өнім деп сатқанын мойындады деп хабарлайды NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде «қазақстандық» картопты қытай иероглифі бар жәшіктерден сөреге шығарып жатқан фото пайда бола салысымен, супермаркетте мәселені тексеру басталып кетті.

Оның нәтижесінде анықталғандай, тауарды жеткізу барысында қазақстандық картоптарға қытайлық картоп салынған қораптар кездейсоқ түсіп кеткен.

«Тексеру қорытындысынан бұл жайттың Астанадағы бір ғана дүкенде орын алғаны анықталды. Аталған жағдай жеткізушінің кінәсінен болып отыр. Олар біз тапсырыс берген отандық тауарлармен қатар Қытайдан әкелінген импорттық картоптарды да жеткізген», — деп мәлімдеді Magnum өкілі.

Қазіргі кезде қытайлық өнімді саудадан алып тастап, орнына қазақстандық картопты қойыпты. Сондай-ақ, жеткізушіге қателігі үшін айыппұл салынды.

Айта кетейік, Instagram-дағы zhest_kz парақшасында жария болған фото авторы Астанадағы ірі дүкенде қазақстандық картопты қытайлық қораптардан шығарып жатқан жайттың куәсі болған.

«Астана. Картопты қытайлық қораптардан шығарып жатыр. Ал оны қазақстандық жас картоп деп сатып жатыр», — дейді фото авторы.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда