jasqazaq.kz

Астанада қыс тақағанда көмір еселеп қымбаттап кетті

26 қыркүйек 2017, 21:56

Баға былтырғымен салыстырғанда 20 пайызға дейін өсіп, қара отын тіпті қат тауарға айналған. Қара суықтан дірдектеген жұрт көмірін таппай сенделіп жүр. Барының өзі удай. Ал, отын бағасының қымбаттауын қалыпты жағдай деген әкімдік, баға саясатына араласа алмаймыз деп ашық отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Соңғы кездері күннің күрт салқындауы астаналықтарды титықтатып жатыр. Өйткені, қысқа қамданып үлгермеген жұрт үйін жылыта алмай әлек. Қабдуәлі Айтқожин солардың бірі. Қара суықтан баспанасы азынаған соң, көмірді амалсыз бүгін алған. Бірақ, бағасы удай дейді ашынған қария. Яғни, былтыр тоннасы 11 мың болған Шұбаркөл көмірін биыл 16 мыңға сатып алған. Оның үстіне қызуы да нашар.

Қабдуәлі Айтқожин, Астана қаласының тұрғыны:

-Көрмейсің бе, ұсақ мүлдем. Жанбайды жөнді. Топырақтарын қосады. Аласың бірақ, алмағанда қайтесің? Енді 18 мыңнан болады дейді. Ол не? Біздің зейнетақы жетпейді ғой.

Бірақ баға қымбаттаса да, жер үйде пеш жағатын тұрғындардың басқа амалы жоқ. Қабдуәлі қария секілді көмірді жанталасып алып, үйлеріне дереу кіргізіп жатыр.

-Бұл Елордадағы ең ірі көмір қоймаларының бірі. Мұнда күніне жүздеген тонна қара отын әкелінеді. Сұраныста әсіресе Шұбаркөл көмірі. Мәселен, бүгін 140 тонна әкелінгенімен, отынның бұл түрін жұрт айналдырған 4-5 сағатта талап әкеткен.

Яғни, отынға сұраныс артқан. Сондықтан құнның көтерілгенін тасымалдаушылар да жасырмайды.

Дулат Құсайынов, көмір қоймасының қызметкері:

-Шамамен 20 пайызға қымбаттады. Қазір баға бір тонна үшін Шұбаркөл 13.500, Майкүбен 10.500, ал Богатырь кен орнынан шығатын көмір 7500 теңгеге сатылады.

Бірақ, мұндай баға тас отын сататын ірі қоймаларда ғана. Ал, алыпсатарлар тоннасын тіпті 16-17 мыңнан саудалауда. Ал, шенеуніктер болса, қымбатшылық туралы біледі. Бірақ, баға саясатына араласа алмайтындарын ашық айтып отыр.

Азамат Рашитов, Астана қалалық Кәсіпкерлер және өнеркәсіп басқармасының бөлім бастығы:

-Жанармай бағасы қымбаттап, теміржол тарифі 25 пайызға артып отыр. Сондықтан кәсіпкерлердің шығыны артқан соң, отын құны өсіп отыр. Ал, әкімдікдің бұл шаруаға кірісуге құқы жоқ.

Атқамінерлер қымбатшылыққа қарсы шыға алмағанымен жер үйлерде тұратын көп балалы және аз қамтылған отбасылар мен мүгедектерге көмектесеміз деп отыр. Яғни, жоқ-жітік шаңырақтарға көмір түсіріп алу үшін 18 мың теңгеден таратылмақ. Орталық жылу жүйесіне қосылған үйлерге жылу ертеңнен бастап қосылады. Әзірге тек мектеп, балабақша мен ауруханаларға ғана жылу беріліп тұр. Ал орталық жылу жүйесіне қосылмаған, пешке қараған жер үй халқына газ арман ғана. Оның үстіне Астанаға көгілдің отынның қашан тартылары әлі белгісіз.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда