jasqazaq.kz

Астанада өтетін «Шанхай аптасы» көрмесінде қытай компаниялары ең жаңа жабдықтарды, генераторлар мен автомобильдерді ұсынады

20 маусым 2017, 15:41

Астана, 2017 ж. 20 маусым — 2017 жылғы 3-5 шілдеде Астанадағы Radisson Blu Astana қонақ үйінде Шанхай атынан келген ең ірі қытай компанияларының көрмесі өтеді. «Шанхай аптасы» аталатын көрме Шанхай халықаралық сауда-саттыққа жәрдемдесу комитетінің бастамасымен ұйымдастырылып, Қазақстанда алғаш рет өткізілуде. Көрменің негізгі мақсаты – Шанхай мен Қазақстан арасындағы іскерлік байланысты кеңейту және нығайту, қазақстандық компаниялар мен астана тұрғындарының назарына бірқатар өнеркәсіп салаларындағы ең жаңа жабдықтар мен жиынтықтаушыларды ұсыну.

Қазақстандық нарыққа қытай компанияларының қызығуы Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-ға, сондай-ақ энергетика, баламалы энергетика, автомобиль жасау, құрылыс, химиялық өнеркәсіп сияқты ел экономикасы секторларының дамуына байланысты болып отыр. Көрме қазақстандық компанияларға Қытайда әзірленген ең соңғы технологиялармен танысуға және Күн асты елінен іскер әріптестерді табуға мүмкіндік береді. Планетаның ең ірі индустрия орталықтарының бірі болып табылатын Шанхай сауда-саттыққа жәрдемдесу комитеті Қазақстанның әртүрлі қалаларымен экономикалық және іскерлік байланысты күшейтуді жалғастыруды жоспарлауда.

Экспозиция Шанхайдан тоғыз корпорацияны ұсынады, олар көрермендерге өздерінің соңғы әзірлемелерін, технологиялары мен жабдықтарын көрсетеді. Энергетика саласында маманданатын Шанхай компаниялары атом электрстанциясы, газ турбиналары, жел электрстанцияларына арналған жабдық, жаңартылатын энергияны өндіру станциялары блогының шағын модельдерін, сонымен қатар баламалы энергия көзі болып табылатын күн сәулесі панелдерінің модельдерін көрсетеді.

Көрме барысында автомобиль саласының бірқатар жаңа өнімдері көрсетілетін болады. Ең ірі азық-түлік өнімдерінің өндірушілері мен тоқыма компаниялары тауарлар мен өнімдерін ұсынады — бұл Қазақстанның шағын және орта бизнес өкілдерін қызықтыруы әбден мүмкін. Құрылыс компаниялары көрмеде әртүрлі шыны түрлерін көрсетеді: ультражұқа, диджитал және энергия үнемдеуші. Химия саласында жұмыс істеуші компаниялар көрме өкілдеріне шаруашылық маңызы бар ең жаңа өнімдерін ұсынады.

Көрмеге төмендегі Шанхай корпорациялары қатысады: Shanghai Electric Group CO., Ltd, Shenergy Group Co Ltd, Shanghai GCL New Energy Investment Co., Ltd., CEFC China Energy Company Limited, SAIC MOTOR CORPORATION LIMITED PASSENGER VEHICLE CO., Bright Food (Group) Co., Ltd, Shangtex Holding Co., Ltd, Shanghai Building Materials (Group) Co., Ltd, SHANGHAI HUAYI (GROUP) COMPANY.

«Шанхай аптасы» көрмесі 3 — 5 шілде аралығында өтеді. Көрмеге кіру тегін.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда