jasqazaq.kz

Астанада танымал профессордың отбасы өрттен көз жұмды

14 шiлде 2017, 22:27

Астанада бүтіндей бір отбасы көк түтінге тұншығып, қырылып қалды. Есілдің сол жағалауындағы элиталық «Хайвил» тұрғын үй кешенінен шыққан өрттен ажал құшқандар – шетел азаматтары.

Яғни бұлар – 64 жастағы нигерялық пен оның 54 жастағы жұбайы Ұлыбритания азаматы. Әрі ерлі-зайыптылардың 17 және 8 жастағы балалары ажал құшқан. Жантүршігерлік оқиға бүгін таңға жуық болды. Түнде пәтер ішінде жиһаз өртеніп, ұзақ уақыт бықсып жатыпты. Ал шырт ұйқыда жатқан отбасы түтінге тұншығып, көз жұмған. Марқұм отағасы Назарбаев университетінің жанындағы медициналық мектепте сабақ берген екен. Мұнда Кэнджи Элай есімді профессор былтырдан бері жұмыс істеген. Қазір қайтыс болған азаматтардың мәйітін отанына жеткізу мәселесі қаралып жатыр. Ал бір жанұяны жазым еткен өрттің неден шыққаны белгісіз. Қазір пәтерге мөр басылып, тиісті сараптамалар жүргізілуде.

Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Бөлмеде алапат өрт болмаған. Қайтыс болу себебі, газға уланған. Алдын ала айтсақ, сым тоқтары тұйықталған болуы мүмкін.

Ktk.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда