jasqazaq.kz

Астанада төрешіні сабаған боксшы мен бапкер шеттетіледі (видео)

25 қыркүйек 2017, 12:43

Астанада төрешіні сабаған боксшы мен бапкер шеттетіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Бокс федерациясының өкілдеріне сілтеме жасап.

«22 қыркүйекте Астанада Қазақстан бокс федерациясының Кубогының ширек финалында Астана өкілі Рахат Маржықпаев пен Аман Қазанғаповтың кездесуінің қорытындысында жеңіс соңғысына берілді. Бұл шешім елордалық спортшының бапкерінің көңілінен шықпай қалса керек, ол рингтен шығып, рефериге ішіне және басына соққы жасады. Төреші Амангелді Ақшолақов жауап берді, кейін жеңіліп қалған спортшының өзі жүгіріп келіп, төрешіге қос соққы жасады. Осыдан кейін оларды ажыратты», — делінген хабарламада. Сонымен қатар, осы жекпе-жекте төрелік еткен Амангелді Ақшолақовтың 28 жылдық тәжірибесі бар маман екені және AIBA жоғары категориясының иегері екендігі айтылады. Оның үстіне өзі де бұрынғы боксшы екен — Еуропа чемпионатының жүлдегері және Кеңес Одағының 1984 жылғы чемпионы. «Шынымды айтсам, бұлай болады деп күтпедім. Өмірімде мұндай бірінші рет болып отыр, — дейді Ақшолақов. — Бұл жанжал бапкердің өз шәкіртінің екінші нокдаунын байқамағанынан шықты, сосын ол спортшыны қасақана жеңіліске ұшыратты деп ойлалы. Кейін бапкер келіп, кешірім сұрады. Адам ретінде оны түсінемін. Бірақ, әрине, мұндай жағдайлар жазасыз қалмауы тиіс». «Астана мен Жамбыл облысы командаларының кездесуінде болған оқиға назарсыз қалмайды», — деп мәлімдеді ҚБФ Қазақстанда жарыс өткізу жөніндегі координаторы Болат Әбдірахманов. Әбдірахманов оқиғаның толықтай зерттелетінін айтты. «Бапкер де, спортшы да шеттетіледі, — деді Әбдірахманов. — Олардың нақты қандай мерзімге дейін шеттетілетінін бапкерлер кеңесі мен атқарушы комитет бюросы шешеді. Қандай жағдай болса да, өзгелерге сабақ болатындай жаза шығарамыз». Еске салайық, Қазақстан бокс федерациясының Астанада өткен Кубогында жекпе-жек даумен аяқталған еді. Оқиға турнирдің ширек финалында болған. Жамбыл облысының тумасы Аман Қазанғапов пен жасөспірімдер арасындағы елордалық әлем чемпионы Рахат Маржықпаевтың кездесуі аяқталғаннан кейін соңғысының бапкері рефериге жақындап келіп, наразылығын айта бастайды, ал кейін ішінен, басынан соққы жасайды. Артынша төрешінің де жұдырық сермегенін байқауға болады.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда