ҚР ҰҚК Шекара қызметі Болгария азаматының құжатымен Ұлыбританияға бармақ болған Сирияның екі азаматын ұстады.
«Астана» шекара бақылау бөлімінің жасағы Астана – Лондон рейсінде тексеруге Болгария азаматының паспортын көрсеткен Сирияның екі азаматын анықтады. Ұсталғандардың айтуынша, олар жақсы өмір іздеп Ұлыбританияға бармақ болған», — деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.