Астанада полиция қызметкерлері ХҚКО-ны қоршауға алып, барлық келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Анықталғандай, оған ғимаратта табылған иесіз сөмке себеп болған. «Сағат 12.10-да ХҚКО ғимараты қауіпсіздік қызметінің өкілі қырағылық танытып, иесіз сөмке жатқанын хабарлаған. Нұсқаулық бойынша, полицейлер антитеррористік қауіпсіздік мақсатында ғимарат аумағын қоршауға алып, келушілер мен ХҚКО қызметкерлерін эвакуациялады», — деп хабарлады ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова. Сөмкеден қандай да бір тыйым салынған зат табылмады. Баспасөз қызметінде атап өткендей, қазір мекеме штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.