Астанада «Торғай» қонақүйі өртенді. Өрт туралы мәліметті ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растап берді.
«12.17-де «Алматы» ауданындағы Сәтпаев көшесінің бойында орналасқан бесқабатты «Торғай» қонақүйінен өрт шықты. Бірінші қабаттан үшінші қабатқа дейін тартылған мұржа өртенді. 12.23-те өрттің таралуы тоқтатылды, 12.26-да толығымен сөндірілді. Қаза тапқандар немесе зардап шеккендер жоқ», — деді Иманқұлов. Өртті сөндіруге жеке құрамның 10 адамы және үш арнайы техника жұмылдырылған.