jasqazaq.kz

Астанада насыбай мен вейп сатушыларға айыппұл салынды

19 наурыз 2024, 15:32

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда осы теріс қылық туралы былай деген болатын: «Денсаулыққа зиян әрі ұят әдеттің бірі – насыбай ату. Оның қалай жасасалатыны белгілі. Ешқандай санитарлық талап сақталмайды. Құрамында түрлі дертті, оның ішінде онкологиялық ауруларды қоздыратын заттар бар. Насыбайды өндіруге және таратуға 2015 жылы тыйым салынған. Бірақ әлі күнге дейін көшеде, тіпті азық-түлік дүкендерінде ашық сатылып жатыр. Құқық қорғау мекемелері ешқандай шара қолданып жатқан жоқ. Қазір – 21 ғасыр, жоғары технология мен жасанды интеллекті қарқынды дамыған заман. Ал біздің азаматтарымыз аузына насыбай салып, қақырып түкіріп жүреді. Бұл не деген масқара. Осы жағымсыз қылықты ата дәстүрі санайды. Шын мәнінде бұл барып тұрған мәдениетсіздік. Оны тоқтату керек. Жалпы насыбай өндіріп, таратқаны үшін заң жүзінде белгіленген жауапкершілік тым төмен. Қазір осыған қатысты заңдарға түзету енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Онда вейп қана емес, насыбай таратқан үшін де қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген. Бұл қадам насыбайға толық тыйым салуға мүмкіндік береді».

Қазір елордаданың барлық аудандарында шегілмейтін темекі өнімдерін (насыбай, снюс) сату және өткізу фактілерін анықтау, сондай-ақ ашық жарнама арқылы вейптер мен электрондық темекілерді сатудың жолын кесу мақсатында тексерістер жүргізіліп жатыр. Рейд барысында 100-ден астам сауда нысаны тексерілгені жөнінде Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астаналық полиция департаментінің қызметкерлері аудан әкімдіктерімен бірлесіп шегілмейтін темекі өнімдерін сату мен таратудың 50-ге жуық фактісін анықтап, бір ауданның өзінде 100 келіге жуық насыбай тәркілеген.

Есіл ауданы полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторы Ерзат Көкеновтің айтуынша заңды бұзған дүкен иелеріне хаттама толтырылып, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салыныпты. ҚР ӘҚБтК 441-бабы бойынша темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін 598 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бұдан бөлек, жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында шегілмейтін темекі өнімдері және электронды буландырғыштарға арналған сұйықтық (вейп) пен пакеттер, хош иістендіргіштер, түрлі химиялық заттар тәркіленген.
Қазіргі уақытта «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексте шегілмейтін темекі өнімдерін, оның ішінде насыбайды әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салу көзделген. Шегілмейтін темекі өнімдері заңсыз сатылғаны үшін 25 АЕК немесе 92 мың теңгеден астам мөлшерде айыппұл салынады.

Рейдтер барысында айыппұлдар ғана салынып қоймай, қоғамдық орындарда шегілмейтін темекі өнімдерін пайдаланатын адамдарға түсіндіру жұмыстары да жүргізіледі.

Ә.Смайылов
Суреттер Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен