Астанада қоғамдық орындарда жұртшылықтың мазасын алып қайыр сұраған әйелге айыппұл салынған.
Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел адам 2 мамыр күні “Нұр Астана” мешітінің жанында қайыр сұраған. Сот оның әкімшілік құқық бұзушылық фактісін бірнеше рет бұзғанын анықтап шығыпты.
Осылайша ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 449 бап бойынша айыпталған. Ол енді 10 АЕК, яғни, 22 690 теңге айыппұл төлеуі тиіс. Кейін сот айыппұл мөлшерін 30 пайызға азайтқан.