ҚР Ұлттық академиялық кітапxанасы мен «Қазақстан -2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп, «MEGA SILK WAY» ОСО-да «Men qoldaimyn» шарасы аясында «Qazaq kitaptary 1929-1940» атты латын әліпбиімен жазылған кітаптар көрмесін өткізді.
Шараның негізгі мақсаты — Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» атты мақаласында айтылған кириллица негізіндегі қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру бастамасына қолдау білдіру.
Көрмеге Ұлттық кітапxана қорындағы қазақ зиялы қауым өкілдерінің 1929-1940 жылдары шыққан еңбектері қойылды. Сондай-ақ латын әліпбиінде шыққан шетелдік ақын-жазушылардың еңбектері де көрме көрермендерінің назарына ұсынылды. Олардың ішінде көркем әдеби кітаптар, шетел және балалар әдебиеті де бар. Көрмеге қатысушылар арасында латын тіліне қатысты викториналық сұрақтар қойылып, оған жауап бергендерге кітаптар сыйға берілді.
Айта кетейік, Қазақстанда латын әліпбиі ресми түрде 1929-1940 жылдары пайдаланылып, кейіннен кириллица алфавитіне көшірілді.
Әсем САҒИҚЫЗЫ