jasqazaq.kz

Астанада қызылша ауруы өршіді

24 қараша 2023, 12:51


Елордада қызылша ауруы өршіп барады. Науқастардың көпшілігі – вакцина алмаған балалар. Дегенмен науқастар арасында ересектер де бар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Қазіргі уақытта балалар жұқпалы аурулар стационары 111% артық жүктелген. № 3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасында бары — 300 төсек-орын.
Алайда қызылшамен келетіндердің көбеюіне байланысты қуаты 557-ге және тағы 20 реанимациялық төсекке дейін ұлғайды.
«Көп ата-аналар әлі күнге дейін қызылшаның қаншалықты қауіпті екенін түсінбейді. Кейбір жеке сенімі бойынша олар вакцинадан бас тартады. Сенімсіз фактілерге сүйенеді. Бірақ ауру басқа аурулардың асқынуына апарады. Болашақта науқас балада қызылшадан мидың ісінуі, өкпенің абсцессі сияқты ауыр зардаптарға, саңырау болып қалуға әкелуі мүмкін», — дейді № 6 инфекция бөлімінің меңгерушісі Гүлмира Нұртазина.
Аурухананың мәліметінше, қызылшамен реанимацияда жатқан балалардың бәрі желдеткішке жалғанған.
«Қазір ауруханаға жатқызылған балалардың 96% — вакцина алмаған. Оның бәрінің жағдайы ауыр. Қызылшамен 6 науқас реанимацияда жатыр.
Төртеуі ауыр, екеуі өте ауыр жағдайда. Қазір бұл балалардың ата-анасы дабыл қағып, үрейленіп, балалары үшін алаңдап отыр. Олар мұны балаларының жағдайы ауыр болған кезде ғана түсінгені өте өкінішті», — деп атап өтті № 3 аурухананың реанимация бөлімінің меңгерушісі Екатерина Булатова.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?