jasqazaq.kz

Астанада көкөністерін лай суымен жуған әйел видеоға түсіп қалды (видео)

23 шiлде 2017, 17:05

Астанада көкөністерін арық суымен жуған әйел видеоға түсіп қалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видео «Астана — Что? Где? Когда?» тобында жарияланды. Қолданушы бұл оқиғаның солтүстік жағалауда болғанын айтып отыр. «Құрбым ws-ға жолдады, Сауран көшесі. Есіл ХҚКО жәрмеңкесі. Арық суымен көкөнісін жуып жатыр», — деп жазды видео сипаттамасына Алена Ли Гельфан. © Facebook.com/Алена Ли Гельфанд Фото куәгерлерден Айта кетейік, Сауран-Сығанақ көшелерінің қиылысында апат болып, осы маңда орналасқан үйлердің тұрғындары сусыз қалған еді. Ал кейін Астана қаласы әкімдігінің өкілдері бұл мәселемен айналысқанын жария етті. Видеодағы сатушы жәрмеңкедегі орнынан айырылып, енді оған айыппұл салу мәселесі қарастырылып жатыр екен. Бұл туралы әкімнің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева хабарлады. «Қызметкерлеріміз видеоға дереу назар аударды. Жәрмеңкелер өтіп жатқан жерде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері кезекшілікте. Шын мәнінде жәрмеңке Сауран көшесінде өтіп жатыр. Бұл өңірлік емес, үздіксіз өтіп жатады. Көкөніс тәркіленді. Әйел жәрмеңкедегі орнын босатты. Онымен алдын алу әңгімесі өткізіліп, айыппұл төлетеді», — деді Жүргенбаева.

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда