Астанада Fight Nights Global турнирінің бас төрешісі соққыға жығылды. Төреші Радмир Габдуллиннің Қазақстанда тап болған оқиғасы жайлы L!FE жазды. Басылымның мәліметінше, Қазақстан астанасында аралас жекпе-жектен Fight Nights Global турнирі өткеннен кейін жарыстың бас төрешісі Радмир Габдуллинге шабуыл жасалған. Қазіргі уақытта Ресейдегі ММА одағының президенті Федор Емельяненконың орынбасары ауруханада жатыр. Оның жағы сынған. © twitter.com Басылым оқиғаның видеосын жариялады. Онда судья жатқан қонақүйдің бөлмесіне екі ер адамның кіргені көрінеді. Олар ағайынды Гаджимурат және Гамзат Хирамагомедовтерге ұқсайды. Басылымның мәліметінше, олар қазақ файтері Георгий Кичигинмен жекпе-жектегі Габдуллиннің төрешілік шешіміне наразы болған. Fight Nights президенті Камил Гаджиев Астанада болған оқиғаға қатысты былай деп пікір білдірген: «Оқиғаның мән-жайын анықтау қажет. Мұндай әрекетке барған спортшылармен «жолымыз бір емес екенін» мәлімдеймін».