jasqazaq.kz

Астанада ерекше көрме ашылды

17 тамыз 2017, 14:05

Астанадағы Ұлттық музейде қазақстандық суретші Кәріпбек Күйіковтың «Радиация» атты көрмесі ашылды. Көрмеге қойылған туындылар ядролық қарудың зардаптары жайлы деп хабарлайды Jasqazaq.kz тілшісі.

Көрме авторы Кәріпбек Күйіков – әлемдегі антиядролық қозғалыстың белсендісі, Қазақстанның бастамашылығымен құрылған халықаралық «Атом» жобасының құрметті елшісі.

Көрме жайлы ҚР Ұлттық музейі директорының міндетін атқарушы Жәкен Таймағамбетов былай дейді: «Ғажайып талант иесінің тағдырлы туындылары осымен үшінші мәрте Ұлттық музей төріне қойылып отыр. Бұл шығармалар әрбір қазақ азаматын ізгі ойға жетелейді деген үміттеміз. Өмірін өнерге айналдырған Кәріпбек Күйіков секілді күрескер тұлғаның туындылары жүрек тебірентпей қоймасы анық Тіпті, барша адамзатты бейбіт өмірге, достық-татулыққа шақырары сөзсіз. Мен өз атымнан, барша музей қонақтары атынан суретшіге алғыс айтқым келеді».

Қарағандыда тұратын Кәріпбек Күйіков Қазақстандағы антиядролық ұстанымын насихаттап, бүкіл әлемге ерекше талантымен танылған тұлға. Ол Қарағанды облысындағы Семей ядролық полигонынан зардап шеккен Егіндібұлақ ауылында дүниеге келді. Сол себепті қолы жоқ боп туған. Оның сурет салуы да өзгеше. Өз туындыларын қылқаламды тісімен тістеп, кейде аяғының башпайлары арқылы бейнелейді.

Кәріпбек Күйіков Америка, Жапония, Германияның жеке және мемлекеттік коллекцияларына қойылған. Оның көрмелері Жапонияда, АҚШ, Германия, Түркия, Қытай және Қазақстанда ұйымдастырылды. Кәріпбектің көркем туындыларының басты тақырыбы ядролық қарудың адамзатқа келтірер қатерімен байланысты.

Көрменің ұйымдастырылуына мұрындық болған ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко көрме жайлы жылы лебіз білдірді. «Бүгінгі көрме ядролық қарудың қасіреті мен одан бас тарту және ядролық қарусыз бейбіт өмір орнату жолындағы жетістіктерге арналды. Автордың туындылары шет мемлекеттерге де таныстырылған. К. Күйіковтың шығармаларын халық жылы қабылдап, суретшінің еңбектері арқылы атом бомбасының зардабын түсінген. Тіпті, неліктен ядролық қарудан ең бірінші болып Қазақстанның бас тартқанын ұғынды. Қазіргі қоғам зардабы бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан сол қасіретті білу, түсіну үшін К. Күйіковтың туындыларын қайта-қайта тамашаласа да, артық болмайды», – деді Василенко.

Қазақтан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылы ядролық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық самитте АҚШ Президенті Барак Обамамен кездескен кезінде оған К. Күйіковтың «Жарылыс» деген картинасын сыйға тартқан болатын.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда