jasqazaq.kz

Астанада банктердің бірінде ақша жанып кетті

20 қыркүйек 2017, 18:09

Еуразиялық банктің Астанадағы филиалында ақша санау бөлмесінен өрт шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Төтенше жағдай 30 мамыр күні кешкі 20.00 шамасында болған, алайда бұл туралы бүгін ғана белгілі болыпты. Шығын сомасы хабарланбай отыр. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

«Астанада 30 мамырда «Еуразиялық банк» АҚ филиалының ғимаратында түтін шығып, шұғыл түрде сөндірілген. Төтенше жағдай кеңсенің операциялық жұмысына әсер етпеді. Банк жұмысы әдеттегі тәртіппен жүргізілді және жүріп жатыр. Бұл кезеңде сотқа дейінгі тексеріс жайлы тергеу мүддесіне байланысты, өкінішке қарай, толық ақпарат бере алмаймыз», — деп хабарлады Еуразиялық банкі редакция сауалына берген жауабында.

Ал Астана қалалық ТЖД өкілдері 101 пультіне Еуразиялық банктегі қойманың өртенгені туралы хабар 30 мамырда кешкі сегізде түскенін мәлімдеді.

«Оқиға орнына сағат 20.15-те келген кезде «Еуразиялық банк» АҚ ғимаратындағы №111 ақша санау бөлмесінде жиһаз, техника және ақша жанып жатқан. Оқиға орнына жеті дана техника мен жеке құрамның 33 адамы жіберілді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін, тілсіз жау сөндірілген. Оқиға орнына барлық құзырлы қызмет барды, оның ішінде Астана қалалық ІІД жедел тергеу тобы да бар», — деп хабарлады қалалық ТЖД өкілдері.

Астана қалалық ТЖД мәліметінше, қазіргі уақытта қалалық ІІД Есіл аудандық ІІБ қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Шығын сомасы анықталуда, сараптама жүріп жатыр», — деп хабарлады ІІД өкілдері.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда