jasqazaq.kz

Астанада аяз… Адамгершілік пен пайдакүнемдік

23 қантар 2018, 11:33


Елордада аяз. Аяздың қаттылығы соншалық, «суық желмен бірге -52 градусқа дейін жетеді» деседі жұрт.

Қазгидромет «Астана қаласында 23-26 қаңтар аралығында қатты аяз болады, түнде -35-40°С, күндіз -27-32°С күтіледі» деп дабыл қағуда.

Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті «қала сыртына шықпаңыз, аяз кезінде балаларды далаға шығармаңыз, жылы киініңіз» деп шыр-пыр болады.

Аязда да құлқынның құлы болғандар жаяу-жалпы жүрген қарапайым қазақтың қалтасын қағып алуға кірісіпті. Бұрын 500 теңгемен жететін жерге 2000 теңге сұрап тіресіп тұрғандар бар екен. Баласы ауырып ауруханаға шыққанымен діттеген жеріне жетуі мұң болған әйелдің әңгімесі желіге тарауда.

Бұл бір ғана мысал. Біз білмейтін қаншама?..

Астында көлігі бар арлы азаматтар аязға тоңған қаншама жолаушыны ақы сұрамай жеткізіп салып та жатқан болар. Біздің білетініміз – «Нұр Астана» орталық мешіті «Астана – мейірімді қала» атты акция бастапты. Акция үш міндет арқалапты.

Елорда тұрғындарына тегін такси қызметін ұйымдастыру;

Мұқтаж отбасыларға көмір түсіріп беру;

Тазалықшылар мен құрылысшыларға ыстық ас пен шәй ұсыну.

Акция сөзүйінде қалмай, іске кіріскенге ұқсайды.

«Бүгін -40. 40 градус аязда 40 минут автобус күтемін деп қатты тоңдым. Мен күткен №7 автобустың келетін түрі жоқ. Одан өзге автобустардың да ағылып жатқан жайы көрінбейді. Сөйтіп тұрғанда қасыма келіп бір көлік тоқтай қалды. Алдыңғы әйнегіне бір қағаз жапсырып алған. Жүргізуші есікті ашып бір нәрсе айтқандай болды. Қараймын танымайтын кісі. «Бауырым, тоңып қалыпсың ғой, отыр, бұл – тегін такси», – дегенде, қуанып кетіп отыра қалдым. Одан кейін де бірнеше адамды отырғызып алып, діттеген жерімізге жетіп алдық. Жолай білгенім: Бүгін таң намазынан кейін «Нұр Астана» мешітінің бас имамы бас болып ұйымдастырған акция екен. Мың алғыс. Жаратқан сіздердің бұл істеріңізді сауапқа жазсын», – деп жазды Facebook желісіндегі парақшасына Бердібек Хабай есімді қолданушы.

Астанада арпалыс. Үскірік аяз адамның жүрегіне бұққан адамгершілік пен пайдакүнемдікті таразылап азынап тұр. Үш күнде көрге де бейімделетін тірі жанның еті ауа райының бұл мінезіне де үйренісе бастағандай. Тынымсыз тіршілік тоқтамайды. Сағат сырт-сырт соғады.

Аяздың енді қанша күн салтанат құрары беймәлім. Бетті қаритын өткір жел бәрін бірдей тоңдырса да, адамдар баяғыша екі әлемге бөлінген.

Астананың оң жағалауы мен сол жағалауы секілді.

today.kz

12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды