jasqazaq.kz

Астанада қамырды кір қолымен илеген әйел жұмыстан қуылды (видео)

24 шiлде 2017, 15:46

Астанада қамырды кір қолымен илеген әйел жұмыстан қуылды, деп хабарлайды BAQ.kz Today.kz-ға сілтеме жасап.

Елордадағы «5 минут» супермаркеттер желісінің бірінде кір қолымен қамыр илеген әйел видеоға түсіп қалған.

Видеода көрінгендей, тазалықты сақтамаған кассада тұрған есепші әйел. Ол өзінің жұмысын бітірген соң наубайшының жанына барып қамыр илейді.

Оқиға 22 шілде күні болған. Супермаркеттің әкімшілігі санитарлық нормаларды сақтамаған қызметкер жұмыстан шығарылғанын айтуда.

«Біз ол есепшіні жұмыстан шығарып жібердік. Бұл бірінші рет болып отыр. Осы жағдайды кеше ғана білдік. Есепші әйел мұнда екі айдан бері ғана жұмыс істейді. Бұған дейін клиенттерден ешқандай арыз-шағым түскен емес. Бұл жеке өздері үшін дайындалған қамыр. Наубайханашы ертең жұмыстан шығарылады (25 шілде авт.)», — деді супермаркет әкімшілігі.

Еске сала кетейік, кеше астаналық тұрғын сатушының жеміс-жидекті шалшық суға жуған сәтін түсіріп алса, оған дейін Астанада субұрқақтың суына қасық жуған сатушы туралы да видео жарияланған еді.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда