jasqazaq.kz

Астана әуежайында 2 млн доллардың контрабандалық зергерлік бұйымдары анықталды

21 тамыз 2017, 14:52

Астана әуежайында құны 2 миллион доллар болатын зергерлік бұйымдар контрабандасының жолы кесілді.

«Шұғыл ақпарат бойынша «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында Ыстанбұл-Астана қатынасы халықаралық рейсіне қатысты тексеру жүргізу кезінде Шекара қызметінің әскери қызметшілері ҚР ҰҚК қызметкерлерімен бірге, 1980 жылы туған Әзербайжан азаматының атына жіберілген жүк биркалары бар, салмағы 48 келі болатын екі сөмкені Қазақстан Республикасы аумағына әкелу әрекетінің жолын кесті», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен. Тексеру барысында сары және сұр түсті қымбат металдан (32 келі сары түсті металл, 16 келі сұр түсті металл) жасалған 11 786 зергерлік бұйым тәркіленді. Контрабанданың болжамды құны 2 млн. АҚШ долларына бағалануда. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүріп жатыр.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда