Астана тұрғыны Айгөлек Жанасылова Ресей әнұраны жазылған оқу дәптерлерінің сатылымда жүргенін айтып шағымданды.
Бұл туралы Айгөлек Жанасылова Фейсбуктағы “Астана хочу похвалить/пожаловаться” тобында жазды.
Әйелдің айтуынша, оқу құралын елордадағы SMALL сауда желісіндегі дүкендердің бірінде сатып жатқан көрінеді.
“Аталмыш өнімнің келесі жолы сатылымға түспеуі үшін жазып отырмын. Бұл жол берілмеуі тиіс нәрсе. Балалар – өздері анализ жасай алмайды, кез-келген ақпаратты сол күйінде қабылдай салады. Менің бес балам бар, мен оларға тиісті деңгейде тәрбие беруім керек. Мектепте бір әнұранды айтады, ал дәптерде басқа әнұран жазылған”, – деп жазады ол.
SMALL сауда желісі аталған ақпараттың тексеріліп жатқанын хабарлады. Астаналықтың шағымы туралы дүкен өкілдері әлеуметтік желі арқылы білген.
Бұл туралы Stan.kz хабарлады.