Қазақстандық жылжымайтын мүлік сайтында ерекше хабарландыру пайда болды.
Онда астаналық тұрғындардың бірі ЭКСПО-ның басты нышаны “Нұр әлем” ғимаратын сатуға қойғанын жариялаған. Сфераның құны 433 миллиард теңге деп бағаланыпты.
Хабарламаға қарағанда, ғимарат аумағы 23 600 шаршы метр, биіктігі сегіз метр, ал бағасы – 433 млрд теңге. Сатудың себебі ретінде – “Халыққа шұғыл түрде ақша керек” деп жазып қойған.