jasqazaq.kz

Астана мен Алматыда түнгі көлік жарыстары жиі орын алады

22 мамыр 2017, 15:59

Астана мен Алматыда түнгі көлік жарыстары жиі орын алады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Автомотоспорт федерациясының президенті Марат Әбіқаев айтты.

«Өкінішке орай стритрейсерлердің (түнгі қаладағы көлік жарыстары) басым бөлігі Алматы мен Астана қалаларында орын алады. Ол балалардың дені спортшылар емес. Біз оларды спорт алаңдары жолдарына тарту үшін жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Өйткені, олар спорттық шараларға қатысатын болса, онда осы уақытқа дейін айналысқан тірліктерін тоқтатады. Бұған қоса, спорт алаңдарына өздерінің достарын тартатын болады. Өкінішке орай оларды өзіңе тартудан өзге ықпал ету тетігі жоқ. Сондықтан мұнымен құқық қорғау органдар айналысады және біз олармен тығыз жұмыс істеуге тырысамыз», — деді ол. БҰҰ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы өкілі Жан Тодт та стритрейсер жайына тоқталып, бұл мәселені Астана мен Алматы әкімдерімен және Үкімет мүшелерімен жан-жақты талқылағандығын атап өтті. «Әрине, түнгі көлік жарысы тек Астана мен Алматыда ғана емес бүкіл әлемде орын алады. Бұл көлік жүргізудің өте қауіпті түрі. Көлік жүргізудің арнайы талаптары мен ережелері болуы тиіс. Мұнан бөлек, олардың көлікпен өте жоғары жылдамдықта жарысуларына мүмкіндік беретін арнайы жабдықталған орындардың да болғаны жөн», — деді Ж.Тодт.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда