jasqazaq.kz

Астана масондық ұйымдардың ордасы ма?

05 шiлде 2017, 12:11


Соңғы жылдары осындай ақпараттар мен түрлі бейнероликтер ғаламтор желісін кезіп жүр. Жуырда тіпті «елімізде масондарға арналған төртінші ложаның» ашылғандығы туралы деректер тарады. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, масондар әлемдік Үкімет құрып алған. Сол арқылы олар бүкіл мемлекетке өз ықпалын жүргізе алады. Мұндай мәліметтер қаншалықты рас? Жалпы, «масондық» дегеніміз не? Одан төнер қауіп қанша?

Қарапайым халықтың пікірі мынаған саяды:

— Масондық ұйымдар дегенді естуіңіз бар ма?

— Жоооқ.

— Жо-жоқ, бірінші рет естуім.

— Адамды басқа жаққа қарай бөлектейтін басқа ұйым.

— Пайдалы ма пайдасыз ба?

— Ақ пен қарасын ажырата білмеймін. Бірақ, жақсы емес-ау деймін.

Елімізде масондар туралы естіп-білгендер некен-саяқ. Кейбір деректерге сүйенсек, бұл әлемдегі ең үлкен ұйым. Ал, рәсімдері мен ішкі тәртібі оған мүше адамдар тізімі еш жерде жарияланбайды.
«Масондық қозғалыс дінге жатпайды. Олар саяси немесе діни мақсаттарды көздемейді. Сол себепті, біз масондық қозғалыстан бейхабармыз» — азаматтық қоғам министрлігінің өкілі Бақытжан Күлекеев.

Алайда, діннің айналасында жүрген келесі бір топ мұнымен келіспейді. Дінтанушы Махат Абдусаматтың айтуынша, масондықтың түп негізі тікелей дінмен байланысты.
«Бұның негізінде дін тұр. Бір жақты үзілді-кесілді айтуға болады. Дін тұр. Түп негізі христиан дінінен, иудайзм, яхудейлік діннен бастау алып жатыр» — дінтанушы Махат Әбдусамат.

Осыдан екі жыл бұрын Алматыда Әлихан Бөкейханов атындағы алғашқы ложа ашылды деген деректер тараған еді. Арамызда соған мүшелікке өтпек болып өтініш қалдырып, зерттемек болған әріптестеріміз де бар екен.

«Осы ұйымның атын жамылып, байшыкештердің балалары ма, болмаса еріккен жастар сол жабық кештер өткізіп, соларына мәз болатын сияқты көрінді. Бірақ, масондық ұйымдардың барлығын олай деп қабылдауға болмайды. Бұл жерде өте үлкен қаржылық күштер, әсіресе саяси билік жатыр» — журналист, шолушы Бүркіт Нұрасыл.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда