Ақмола облысы, Целиноград қаласында белгісіз ер адам аудандық прокуратура ғимаратына оқ жаудырды.
Оқиға бүгін, 20 шілде күні сағат 14.35 шамасында болған.
“Фольксваген Пассат” көлігіне мінген ер адам Целиноград аудандық прокуратура ғимаратының қасына келіп, бірнеше рет оқ атып, прокуратура қызметкерін және полицейді жаралаған”, – деп хабарлады ІІД.
10 минуттан соң тәртіп сақшылары күдікті отырған автокөліктен, оның өлі денесін тапқан. Оқ атқан ер адам өзінің жүрегінен тапаншамен атыпты.