jasqazaq.kz

Астана әкімдігінің өкілдері зарарлы қарбыздар қай жерден анықталғанын айтып берді (видео)

17 тамыз 2017, 10:35

Астана әкімдігінің өкілдері ішінен зиянкестер табылған қарбыздар қай жерден анықталғанын айтып берді.

Мұның алдында әлеуметтік желіде сарапшылардың қарбыздарды тексеріп, жеуге мүлде жарамсыз екенін көрсетіп жатқан видео тараған болатын. Видеода жарамсыз қарбыздардың Жетісайдан әкелінгені айтылады. Зарарлы қарбыздың жалпы көлемі 35 тонна болған. Кейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері бұл деректің маусымда тіркелгенін және зиянкестің — қауын шыбыны екенін мәлімдеген еді. Астана әкімдігінің баспасөз хатшысының сөзінше, бүлінген қарбыздар «Алаш» базарынан анықталған. «Астана әкімдігі 10 маусымда зертханалық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде 35 тонна бүлінген қарбызды анықтаған. Бұл өнім Оңтүстік Қазақстан облысынан «Алаш» базарына әкелінген. Қарбыздарды оңтүстікте жиі таралатын қауын шыбыны атты зиянкес бүлдірген. Бұл зиянкестер қарбыз бен қауынды ішінен жейтіндіктен, оларды сыртынан анықтау мүмкін емес», — деп жазыпты Эльвира Жүргенбаева Facebook желісіндегі парақшасына. Сонымен бірге, ол зиянкестер табылған бақша өнімдері сатылымға жіберілмей, толықтай жойылғанын да мәлімдеді. Оның үстіне базар аумағында қажетті дезинфекциялық жұмыстар өткізілген. «Қала тұрғындары мен қонақтарын абай болуға және кез келген күмәнді жағдайда бізге хабарласуын сұраймыз», — деп атап өтті Жүргенбаева.

Тengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда