jasqazaq.kz

Астана көшелеріндегі құбырда ұйықтап жатқандар Исекешевке көрсетілді (видео)

04 шiлде 2017, 15:41

Астана әкімі Әсет Исекешевке жергілікті тұрғын шағымданып, қаладағы түрғын үйлердің аулаларында үйсіздердің өріп жүргенін, олардың көше ортасында ұйықтап жататынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бейбітшілік көшесіндегі №31 үйдің тұрғыны Қайрат Құдайбергенов №28 үйдің ауласындағы оқиғаны видеоға түсіріп, оны Facebook желісіне жүктеген. Ол видеода Әсет Исекешевтің атын атап, белгісіз біреулердің аулада жайылып тұрған жуылған киімді ұрлап кеткенін айтып шағымданды. Сонымен бірге, ол үйсіздердің аулаға қоныстанып алғанын да көрсетті. Видеоның күндізгі уақытта түсірілгеніне қарамастан, ондағы адамдардың барлығы шыр ұйқыда жатыр. Әлеуметтік желіде жарияланған видео бойыншақала әкімі бірден әрекетке көшті. Кейінірек Ішкі істер департаментінің өкілдері де видеоға жауап жазды. «Полицейлер сол аумақта рейд жүргізіп, құбыр үстінде ұйықтап жатқан адамдар Бейбітшілік және Жангелдин көшелеріндегі үйлердің тұрғындары екенін анықтады. Олардың екеуі бұрын Астананың есірткіге тәуелділік пен психиатрия оталығында мәжбүрлі түрде емделген. Бұл адамдар медициналық куәләндіру алу үшін орталыққа жеткізілді. Ролик авторының заттары жоғалғаны туралы арызы қабылданды. Қылмыстың бетін ашу бойынша тергеу жүріп жатыр», — дейді Астана ІІД-нің баспасөз хатшысы Софья Колышбекова. Ролик авторы Қайрат Құдайбергенов бүгін Facebook желісінде жаңа видео жариялап, Астана әкіміне мәселенің жылдам шешілгеніне алғысын білдірді.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда