jasqazaq.kz

Астана халқы «Музей түнін» тойлады

19 мамыр 2017, 13:23

2017 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Музейдегі түн» акциясы өтті. Бұл туралы jasqazaq.kz тілшісі хабарлады.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының міндетін атқарушы Абай Сатыбалдин: «Ұлттық музей биыл үшінші мәрте «Музейдегі түн» акциясын өткізіп отыр. Аталған акцияға деген келушілердің қызығушылығы да жыл санап артып келеді. «Музейдегі түн» тәрізді акцияларды ұйымдастыру арқылы халықтың төл мәдениетімізге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарымызға деген құрметін молайта аламыз» – деді.

Шара барысында танымдық бағыттағы тақырыптық экскурсиялар, «Асық ату», «Арқан тартыс», «Қол күрес» сынды спорттық ойындар ұйымдастырылып, бие байлау науқаны басталарда жасалатын «Қымызмұрындық» рәсімінен көріністер көрсетілді. Музей атриумында зергерлік бұйымдар мен кәдесыйлар сатылымға қойылған жәрмеңке ұйымдастырылды.

«Музейдегі түн» акциясы аясында Төрегелді Шарманов басқаратын Қазақ тағамтану академиясы әзірлеген бие сүтінен дайындалған шоколадтың таныстырылымы өтті.

«Музейдегі түнге» келушілердің назарына өнер жұлдыздары Гүлнұр Оразымбетова, Мұхаметәли Жүгінісов, Ринат Малцаков, Шахаризат Сейдахмет қатысқан концерттік бағдарлама ұсынылды.

Акцияға келген қонақтардың қатары қалың болды. Келушілердің барлығы да «Музейдегі түн» акциясына оң бағасын берді. «Әлемдік деңгейде аталып өтетін бұл акцияның Ұлттық музейде де ұйымдастырылуы бізді ерекше қуантты», — дейді қонақтар. Тұрғындардың қызығушылығын тудырған залдардың қатарында Алтын залы мен Заманауи өнер залы және Астана залы болды.

Ұлттық музей ашылғалы бері «Музейдегі түн» акциясы 3 мәрте ұйымдастырылды. 2015 жылғы алғашқы акцияға 23 мың адам қатысса, 2016 жылғы 18 мамыр күні Ұлттық музейге 30 мыңнан астам адам келген. Осы жылғы «Музейдегі түн» акциясына келушілердің саны 37 мыңға жуықтағанын айтады ұйымдастырушылар.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда