jasqazaq.kz

«Астана ЭКСПО — 2017» көрмесінің IT саласына қосар үлесі қандай?

22 мамыр 2017, 17:51


Мемлекет басшысының бұйрығымен көрме барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығы құрылады. Ол «жасыл» технологияның және IT саласының халықаралық даму орталығы.
«Астана ЭКСПО — 2017» көрмесі IT-технологияның дамытуға серпін береді. Мұндай пікірді «StrategyPartnersGroup» атты Ресейлік компанияның президенті Александр Ыдырысов «Время» газетіне шыққан «ЭКСПО-дан кейін не болады?» атты мақаласында келтірген болатын.
Александр Ыдырысовтың айтуынша, бұл мемлекеттік индустриалды даму бағдарламасына қатысты IT-орталықтың ашылуы дұрыс әрі уақтылы қабылданған шешім. Оның пікірінше Қазақстанда өткен жылы IT-саласында маңызды оқиғалардың болмағандығына бола шоғырланудың қажеті жоқ. «Алғашында бәрі сәтті бола бермейді. Көш жүре түзеледі. Уақыты келгенде кемел дайындықтың өсімімен кадр мәселесіндегі олқылықтардың орны толады. Сол үшін IT-саласында жаңа мүмкіндіктер қарастыруымыз керек. Сіздердің Назарбаев университетінің мүмкіндігі мол. Ол жыл сайын дайын мамандарды түлетіп отырады. Қазақстанның Ресей нарығына да өтуі керек. Бір экономикалық одақ мұны талап етеді », — деді А.Ыдырысов.
Қазақ Инфокоммуникация Академиясының президенті Шахмаран Сейілов Ресей сарапшысының пікірімен келісетінін білдірді. Оның айтуынша IT-орталығын құру үшін технологиялық ауысым жасап үйренуіміз қажет. Басқаша айтар болсақ әлемдегі бар идеяларды көшірсек ол бірте-бірте халықтың тұрмысына сіңісіп кетеді.
Айта кетейік «Астана ЭКСПО — 2017» көрмесінің басталуына екі аптадай уақыт қалды. Билеттер мен көрмеге қатысу қағаздары сатылымға шықты.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда