jasqazaq.kz

«Астана» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтті

03 тамыз 2017, 8:31

«Астана» Варшавада Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу рауындынының қарымта кездесуінде польшалық «Легияға» 0:1 есебімен жол берді.

Сенімді түрде жеңіске жеткен бірінші кездесуінен соң Қазақстан чемпионы турнирдің плей-офф кезеңіне шығатын фавориттердің бірі еді. Алайда бәрі де Польшада шешілуі тиіс еді. Матчтың 76 минутында Якуб Червиньски баспен гол салды, есеп 1-0. Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің жеребе тарту шарасы 4 тамызда өтеді. Турнирдің осы кезеңінде жеңілген күннің өзінде қазақстандық команда Еуропа лигасының топтың кезеңінде өнер көрсетуге мүмкіндігі бар еді. «Легия» (Варшава, Польша)- Астана (Астана Қазақстан) 1:0 (0:0). Бірінші матч 1:3 Гол: Червиньски 76 (1:0) Ескерту: Енджейчик 60, Нодь 81 — Маевский 16, Аничич 60, Твумаси 74 «Легия»: Маляж, Паздан, Червиньски, Гильерме, Глоушек (Шиманьски 69), Копчиньски (Мончиньски 65), Кухарчик, Нодь, Енджейчик, Мулен, Садику (Хямяляйнен 58) «Астана»: Мокин, Шитов, Аничич (Постников 63), Кляйнхайслер, Мужиков (Граховац 84), Маевский, Твумаси, Логвиненко, Кабананга, Мұртазаев (Бейсебеков 57), Шомко Бас төреші: Якоб Келет (Дания)

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда