«Ассамблеяға мерекелік шараларда ғана бой көрсететін құрылым ретінде қарайтын көзқарас әлі де бар. Десе де, біздің басты мақсатымыз – этно-мәдени бірлестіктерді көрсету ғана емес, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтау» дейді Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Гүлмира Шәкірова.
Оның айтуынша, «Иверия» грузин этно-мәдени бірлестігі он бес жылдан бері қоғамдағы тұрақтылыққа айтарлықтай үлес қосып келеді. «Татулық» татар-башқұрт этно-мәдени бірлестігінің би өнерінде бағындырған белестерін айтпағанда, олардың мүмкіндігі шектеулі балалармен атқарып жатқан жұмысын қалай көрмейміз? Славян, орыс және казактар қауымдастығының Атырау облысы бойынша филиалы қаламыздың тарихын терең зерттеп, салт-дәстүрді дамытуға үлесін қосып келеді» дейді ол.
«Жас қазақ» ақпарат