jasqazaq.kz

АШМ: Жылқы еті де, пияз да қымбаттамайды

26 наурыз 2024, 16:30

Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа «пияз қымбаттай ма», «жылқы еті қымбаттай ма» деген сауалдар қойылды.

Екі сауалға да министрдің жауабы біреу: қымбаттамайды.

«Былтыр ішкі нарықта пиязға тапшылық болғаны бәріңізге мәлім. Сол себептен бағасы жоғары болды. Маусымаралық кезде 500 теңге дейін барды. Енді биыл ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілермен бірнеше жиналыс өткізіп, Индонезия, Пәкістан, Үндістан сияқты елдер өте көп егін жинайтынын айттық. Пияз тапшы болмайды. Сондықтан біз алдын ала контракцацияны форвард арқылы жасау керегін айттық. Жаздан бастап маусымаралық кезді күтпей, бағаның өсуі болмайды», — деді А.Сапаров.
Министрдің айтуынша, қазір жылқы шаруашылығы жақсы дамып жатыр. Елімізде 4 млн бас жылқы бар. «Осыған байланысты жылқы еті қымбаттамайды», — деді министр.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?