jasqazaq.kz

Қасапшы 500 мысықты семіртіп, қоян еті түрінде сатпақ болған

14 маусым 2017, 11:51

Қытайдағы Цзяньсу провинциясының полицейлері қасапшының бірнеше жүздеген мысықты не үшін семіртіп жатқанының құпиясын ашты.

Қаскүнем оларды әбден семіртіп, мейрамханалар мен дүкендерге қоянның еті түрінде сатуды көздеген. Бұдан басқа қылмыскер тауарын базарға шығарып, әрқайсысын төрт доллардан өткізбек болған.

Айта кетер жайт, қоян етінің бағасы Қытайда жоғары.

Арамдықпен баюды көздеген қатігез жанды полицияға көршілерінің бірі ұстап береді.

Ер адам осы округте үй жануарларының жоғала бастағандығын байқайды. Керісінше бір үйдің ауласынан мысықтардың мияулаған дауыстары жиі естіле бастаған.

Полицейлер қылмыскердің үйін қоршап ішке кірген кезде оның бірнеші мысықтың терісін сыпырып, етін бөлшектеп жатқанының үстінен түседі.

Қасапшы үй жануарларының тез семіруі үшін қозғала алмайтындай шағын торларда ұстаған. Мысықтардың алдында тамақ жетерлік, су да бар көрінеді. Ал желдеткіш тоқтаусыз қосылып тұрған.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда