Ақтөбедегі «Жұбановтар әлемі» мұражай-үйінде Қазақстанның белгілі өнер және мәдениет қайраткерлерімен кездесу өтті.
Актер Асанәлі Әшімов, композитор Алтынбек Қоразбаев пен халық әндерінің орындаушысы Татьяна Бурмистрова жергілікті халықпен әңгіме-дүкен құрды. Stan.kz хабарлағандай, алғаш болып сөз сөйлеген Асанәлі Әшімов Димаш пен Ақтөбе туралы сөз сөйлеп, көпшіліктің қошеметіне ие болды.
«Димаш… Димаш әлемдік әнші. Қазақстан ол үшін таршылық етеді. Ол 2 миллиард халқы бар Қытайға барып келді. Оның әлемдік деңгейдегі әнші болғанын мен құптаймын. Бізге анда-санда бір келіп, есеп беріп тұрса да жеткілікті. Біздің халқымыздың атын шығарса, соған қуаныштымыз. Ол біздің мақтанышымыз. Америкаға барған кезде, Димашпен Лос-Анджелесте жолықтым. Өте қарапайым жігіт», – деп пікір білдірді Әшімов.