jasqazaq.kz

Асаба шығарған жаназа

20 желтоқсан 2017, 12:45

Ғаламтордан салт-жоралғылар орталығының байланыс телефондары туралы ақпарат іздеп отырып ерекше хабарландыруды көзіміз шалып қалды. «Көңіл шай, садақа, жылдық ас беру шараларын салиқалы уағыз-насихат әңгімемен жүргіземіз» деген мәтінді оқи сала екіұдай күй кештік. Әдетте, имам-молдалардың мұндай пиармен айналыспайтыны белгілі. Ойланып жатпастан, көрсетілген нөмірге дереу қоңырау шалдық…

— Ало, саламатсыз… хабарландыру бойынша хабарласып тұр едік…
— Сізге қай күнге керек?
— Әуелі сұрағым бар еді. Білгім келгені сіз имамсыз ба, әлде асабасыз ба? Түсінбей тұрмын…
— Қарындас, қандай ас беріледі? Және қай күнге белгіленіп отыр?
— Туысымыздың өтініші бойынша хабарласып отыр едім, жылдық ас беру. Айдың аяғына жоспарланған.
— Шамамен неше адам болады?
— Білмедім, мүмкін жетпіс адам шығар.
— Онда 15 мың теңге болады.
— Жақсы, бірақ айтпадыңыз ғой. Имамсыз ба, асабасыз ба?
— Асабамын.
— Онда қандай уағыз айтасыз? Діни біліміңіз бар ма?
— Бар…Жақсы, сау болыңыз…
Осындай рәуіште өрбіген әңгімеміз қысқа аяқталды. «Бақсам, бақа екен» демекші, өзін асаба, өзін «имам» ретінде дәріптеп жүргендер де өзіміздің қазағымыз екен…

Баян Әли,

Атырау

21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда