Суық қару кезенген қылмыскерді құшақтау арқылы райынан қайтарған полицей желіде жұлдыз болды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Бейтаныс азамат Бангкоктегі полицей учаскесіне қолына суық қару ұстап, баса көктеп кіреді. Ол барлық қызметкерлерді бауыздап салатынын айтып, айқайға басқан.
Артынша өзіме қол саламын деген азаматты сондағы полицейлердің бірі сабырға шақырады. Ол қылмыскерді қаруын тастауға көндіріп, құшағына алу арқылы райынан қайтарды.