jasqazaq.kz

Аршавин «Зенитке» орала ма?

08 маусым 2017, 20:48

Ресейлік «Зенит» клубының спорттық директоры Константин Сарсания «СЭ» басылымына алматылық «Қайраттың» жартылайқорғаушысы Андрей Аршавиннің қайтып оралуы жөнінде айтып берді.

— «Қайратпен» ешқандай келіссөз жүргізген жоқпыз. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, – дейді Сарсания. — Тек Андрейдің өзіне хабарласып, хал-жағдайын сұрадым. Басқа әңгіме болған жоқ.

— Бұл Андрейдің «Зенитке» ауыспайтынын білдіре ме?

— Білесіз бе, еш уақытта «ешқашан» деп айтуға болмайды. Бірақ әзірге оның қайтып оралуы жайында әңгіме тек бос сөз.

Айта кетейік, Аршавин «Зенит» сапында 2000-2008 жылдары, 2012 жылы және 2013-2015 жылдары өнер көрсеткен. Ресейлік футболшы мен «Қайрат» арасындағы келісімшарт 2017 жылдың соңына дейін жасалған.

vesti.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда