jasqazaq.kz

Арнайы жасақтан қорыққан жезөкше қонақүйдің терезесінен қашып кетті

31 мамыр 2017, 10:19

Семейде арнайы жасақ жергілікті қонақүйлер мен сауналарға тосын сый жасады. Олар жезөкшелерді клиенттерімен бірге көңіл көтеріп жатқан жерінен ұстап алған деп хабарлайды аймақтағы NUR.KZ тілшісі.

Қаладағы жезөкшелерді ұстау үшін жүргізілген рейд барысында ел күтпеген жайттар тіркелді. Мәселен, арзан қонақүйлердің бірінде тосыннан келген арнайы жасақты көрген жезөкше терезеден секіріп кетпекші болды. Абырой болғанда, жеңіл жүрісті бойжеткен ауыр жарақат алмаған.

Полиция қызметкерлері мен арнайы жасақ бар болғаны үш саунадан жиырмаға жуық жезөкшені ұстады. Олардың басым бөлігі табыс табу үшін еліміздің әр түкпірінен келген. Тіпті, Семейде тәнін саудалап жүргендердің қатарында Ақтау мен Жамбыл облысының сылқымдары да кездесті.

«Мен Ақтау қаласының тумасымын. Ол жақта мұндай іспен айналысу мүмкін болмады. Себебі, таныстарым көріп қала ма деп қорықтым. Сол үшін Семейге кетіп қалдым», — дейді бойжеткен.

Бір түнде қолға түскен «түнгі көбелектер» орталық бөлімшеге жеткізіліп, жезөкшелер түсініктеме жазды. Бүгінде Семей қаласында тәнін саудалайтындар саны 120-дан асып отыр.

Алайда, заңда қатаң шара қарастырылмағандықтан «көбелектермен» күресу мүмкін болмай отыр. Өйткені, оларға салынатын әкімшілік айыппұл да мардымсыз. Бар болғаны 11 мың теңгені құрайды екен. Сондықтан, бір түнде қыруар қаржы табатындарға бұл түк те емес.

«Жезөкшелікке аяқ астынан түсіп кеттім. Қазір қыздар өте көп. Бұрынғыдай 25-30 мың теңге таппасақ та, жоқ дегенде 5-6 мың теңге қалтамызда жүреді. Басқа жұмыс істеуді ойлаған емеспін», — дейді Нұргүл есімді қыз.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, оларға жағдай жасаған қонақүйлер мен сауналардың қожайындары да жауап тартылады .

«Мейрамханалар мен сауна иелерінің үстінен ҚР әкімшілік құқық бұзу кодекісінің 450-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Яғни, олар жеңгетайлық және жезөкшелікпен шұғылдануға үйлерін бергені үшін жазаланады. Егер жеке мүлік иелері құқық бұзушылықты жиі қайталайтын болса, қатаң жаза қолданылатын болады»,- дейді Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметінің жетекшісі Елеубек Оспанов.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда