«Alash Pride» турнирі аясында қазақ қандасымыз Арман Оспанов пен бразилиялық Луис Тьяго Силва жəне басқа да жекпе-жек батырларының арасында салмақ өлшеу рəсімі өтті, деп хабарлайды Jasqazaq.kz тілшісі.
Алматы қаласындағы Mega ойын-сауық кешенінің сахнасында ММА шеберлерінің салмақ өлшеу рəсімі өтті. Турнирге қатысушылар əлемнің түкпір-түкпірінен келген. Арасында қазақ қандастарымыз көпшілік.
Ал кездесудің негізгі қаһармандары Арман мен Луис 70 кг салмақ дəрежесінде өнер көрсетеді. Кездесу ертең кешкі сағат 18:00-де «Almaty Arena» спорт кешенінде өтеді.
Билеттер сатылымда.