jasqazaq.kz

Арман Оспанов «Almaty Arena»-да ұтылды

10 қыркүйек 2017, 1:44

  «АСВ» ұжымының және «Alash Pride» промоутерлік компаниясының  ұйымдастыруымен ережесіз жекпе-жек кеші өтті, деп хабарлайды Jasqazaq.kz тілшісі.

«Almaty Arena» спорт кешеніндегі аталмыш кеште бас-аяғы 15 жекпе-жек болып, турнирге қатысқан 7 қазақтың 4-і жеңіске жетсе, үшеуі жер құшты.

Ал кештің негізгі текетіресі болып саналған Армаан «Сұңқар» Оспанов пен Луис Тьяго Сильваның жұдырық түйістіру сәті 14 жұптан кейін келді. Ережесіз жекпе-жектің торына кіріп, төбелес басталысымен, Арман қашықтық сақтауға тырысты, ал Луис керісінше, Оспановты партерге түсірмек ниетін танытты. Расымен, алғашқы раундта Сильваның тамаша екі мүмкіндігі болған. Бірақ Арман одан сытылып шықты. Екінші раунд басталысымен екі тарап соққы алмасты. Торға айқын мақсатпен шыққан Луис өз дегеніне жетіп тынды.Кезекті партердің бірінде Арманның қолын мойынымен қоса қайырды. Ал біздің батыр амалсыздан жер соққылай берді. Аренаға жиналған 10 мыңнан аса халық дүр етіп орындарынан тұрған бойы сыртқа беттеді.

Бүгінгі кеште қазақ бозбалалары арасынан керемет техникасымен көзге түскен Ассу Алмабаев деген жігіт. 57 кг салмақ дәреженсінде шыққан ол қарсыласы Ресейлік Ибрагим Мамаевті 2-ші раундта қылғындыру тәсілімен нокаутқа түсірді. 23 жасар жігіттің шапшаң қимылы мен эмоциясын ұстай білетін қасиетіне тамсанбаған көрермен жоқ.

15 кездесу арасынан Бақтияр рекорд орнатты. 57 кг салмақ дәрежесінде Рамазон назаровпен жұдырықтасқан ол қарсыласын небәрі 33 секундта сұлатып салды. Ал Бақтиярдың артынша Тәжікстандық Эмомали Холбоиймен бақ сынасқан Қаршыға Дәуітбектің жеңіске жетуі үшін бар-жоғы 54 секунд қана қажет болды.

Ауыр салмақ дәрежесінде қазақтың намысын қолдан бермеген былғары қолғап шебері — Игорь Свирид. 84 кг салмақ көрсеткішінде Роланд Камбалмен күш сынасқан Игорь 2 раундта қарсыласын нокаутқа түсірді.

«Alash Pride — ACB» турнирінің бас төрешілері Джон Маккарти мен Херб Дин болды. Ал бүгінгі ММА кешінің ринг-анансері атақты Александр Загорский.

 

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті