jasqazaq.kz

«Арландар» WSB жобасының жартылай финалына шықты

20 мамыр 2017, 21:49

«Astana Arlans» командасы Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жартылай финалына шықты. Отандастарымыз Ресейдің «Patriot Boxing Team» командасын Қарағандыдағы қарымта кездесуде 4:1 есебімен ұтты. Ресейдің Кемерова облысында өткен бірінші кездесуде де отандастарымыз 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді.

Бүгінгі жекпе-жектер қорытындысы бойынша 7:3 есебімен жартылай финалға жолдама алды. Қарымта кездесуге ресейлік команда жас боксшыларды ала келген. Ал «Astana Arlans» сапынан Дмитрий Зиско ғана алғашқы жекпе-жегіне шықты. Шаршы алаңға бірінші болып көтерілген команда капитаны Олжас Сәттібаев Иван Абрамовты айқын жеңді. Ал одан кейін жекпе-жекке шыққан Закир Сафиуллин де Шахриер Ахмедовтен басым шықты. Үшінші болып шаршы алаңға көтерілген Дмитрий Зиско Артем Сусленковтен жеңіліп қалды. Ал 69 келіге дейінгі салмақта Асланбек Шымбергенов Шахабас Хатаевты айқын жеңіп, «Арландарға» уақытынан бұрын жеңіс сыйлады. Бокс кешінің соңғы жекпе-жегінде 81 келіге дейінгі салмақта Арман Рысбек Имам Хатаевтан басым түсті. Еске салайық, 11 мамырда Кемеревода өткен бірінші матчта 3:2 есебімен қазақстандық команда жеңген еді.

Massaget.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда